20.04.2020
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР:
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?!
1. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ТАҢДАУ
- интернет-платформаларды пайдалану;
- пошта арқылы
2. БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН
- қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні;
- сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;
- бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі;
- әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;
- педагог белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;
- қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы ХАБАРДАР ЕТУ.
3. Сабақтарды қашықтықтан өткізу кезеңінде ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ТӨМЕНДЕГІНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ:
- Ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды;
- Қашықтықтан оқытуға қатысты педагогтардан есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмейді;
- Білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет.
4.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ ФОРМАТЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.ВИДЕОСАБАҚ ФОРМАТЫН ҚОЛДАНҒАН УАҚЫТТА :
▪ оқу-тақырыптық жоспар негізінде видеосабақтарды міндетті түрде қарауды ұсыну;
▪ білім алушыларға видеосабақтарды көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру;
▪ педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру (кері байланысты ұсыну кезеңділігін мұғалім өзі анықтайды).
Видео-сабақтың құрылымы:
- педагогтің жаңа оқу материалының бейне-түсіндіруі (5 минут);
- экрандағы сабақты бекітуге арналған ірі қаріппен 2-3 сұрақ (1 минут);
- экрандағы сабақты бекітуге арналған ірі қаріппен 2-3 тапсырма (1 минут);
- тақырып бойынша 1-2 қосымша цифрлық ресурс (1 минут);
- өздігінен оқуға арналған қосымша ресурстарға сілтемелер(1 минут).
Контентті әзірлеу және қашықтықтан сабақ өткізу алгоритмі:
1. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.).
2.Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау
3. Оқу құралдарының тізбесін анықтау:
4. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету:
WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтық/жеке чаттар (оның Whatsapp-та оның барлық қатысушылары үшін жұмыс істеу ережелерін белгілеу);
5. Әр түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфографика және т. б.).
6. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.).
7. Білім алушыларға:
- барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру;
- шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б.;
- әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды (рөлдерді бөлу);
- дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауын;
8. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:
- оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;
- орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;
- пікір жазу және ұсыныстар беру;
- білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;
- оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;
Кері байланыс:
- электрондық пошта;
- whatsapp, telegram мессенджерлері және т. б.;
- ұялы және стационарлық телефон байланысы;
арқылы жүзеге асырылады.
ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ БОЛЖАМДЫ КҮН ТӘРТІБІ
- Материалдар мен тапсырмаларды қарау (әркім уақытын өзі анықтайды).
- Тәрбиеленуші педагогпен байланыста болады (қажетті жағдайда).
- Тәрбиеленуші алған тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындайды және орындап болған соң педагогке жібереді.
4. Кез келген қолжетімді режимде педагогпен бірге жұмыс істейді немесе туындаған сұрақтарын жазады.
5. Келесі күнді жоспарлайды.
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Орталық директоры:
- қашықтықтан оқыту процесін, оның ішінде техникалық жағдайды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды;
- қажеттілігіне қарай педагогтармен, білім алушылар және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;
- Интернет желісіне және байланыс құралдарына мүмкіндігі жоқ білім алушыларға оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады;
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;
- көзделмеген есептік құжаттарды сұратуға жол бермейді.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
- педагогтармен бірлесе отырып білім алушылардың қашықтықтан оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдерін, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдерін және олардың орындалған жұмыстарын ұсынады;
- оқыту процесінің барлық қатысушыларын (педагогтарды, білім алушыларды, білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерді) қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
- оқыту процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- қажеттілігіне қарай қашықтықтан оқыту процесіне қатысушылармен кері байланысты жүзеге асырады;
- педагогтардың оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, тәрбиелік іс-шаралар үшін контент әзірлейді;
- іс-шараларды қашықтықтан өткізеді (әлеуметтік желілер, орталық сайты және т. б. );
- өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде, орталық сайтында орналастырады;
- педагогтардың жұмысын үйлестіреді.
Педагог:
- қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;
- оқу-тақырыптық жоспарды құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады;
- оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (видеосабақтар, интернет - платформалар арқылы, өзіндік жұмыс, чат-сабақтар және т. б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асырады, кері байланыс ұсынады;
- педагог пен тәрбиеленуші үшін қолжетімді тәсілмен орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады (электрондық пошта, WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер);
- білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді.
Тәрбиеленуші:
- педагогпен күнделікті байланыста болады;
- күн сайын материалдармен танысып, тапсырмаларды, соның ішінде қол жетімді байланыс құралдары арқылы орындайды;
- педагогтың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электрондық пошта, WhatsApp чаттары және т. б.);
- тапсырмаларды орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
- қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) :
- тәрбиеленушіге оқу үшін жағдай жасайды;
- балалардың оқуын, өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- педагогпен байланыста болады.