Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.
Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (2006) |
---|
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным! |