«Жас Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК 2022 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
есебі
1)Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Жас Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жергілікті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қосымша білім беру ұйымы болып табылады. Орталықтың Целиноград ауданы бойынша 10 мектебінде филиалдары бар.
2)Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер
«Жас Шабыт» БЖШО 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.Балаларға қосымша білім беру бойынша құжаттарды және оқуға қабылдау-615 (қағаз түрінде)
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау - 0 (Мемлекеттік корпорация)
Барлық қызметтер ақысыз негізде ұсынылады.
2022 жылы барлығы 615 мемлекеттік қызмет көрсетілді ( 2021 жылы - 851), оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы-0, қағаз түрінде - 615.
3)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат . Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері-мониторинг жүргізілмеген.
4) Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
«Жас Шабыт» БЖШО мемлекеттік қызметтер туралы стенді, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15А