«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жас Шабыт» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Центр детско-юношеского творчества «Жас  Шабыт» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ер есімі-ел есінде ән байқауы

04.05.2021

9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» аудандық әскери-патриоттық онлайн әндер байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже ұйымдастырушылардың мақсаттары мен міндеттерін, «Ер есімі-ел есінде» байқауына қатысушыларды (бұдан әрі – Байқау),байқауды  өткізудің мазмұны мен тәртібін, ұсынылған материалдарды қарау және жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

1.2.Байқаудың ұйымдастырушысы- «Жас Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, Ақмол ауылы

 

2.Мақсаты мен міндеттері:

2.1.Патриотизмді қалыптастыру және тәрбиелеу, Отанымызға деген құрмет, мақтаныш сезімін ояту.

2.2. Балаларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.3. "9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ!" мемлекеттік мереке екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.4. Тарихи білімдері мен ұғымдарын кеңейту.

2.5. Азаматтық және героико-патриоттық тақырып репертуарын көпшілікке танымал ету.

2.6.Вокалистер мен вокалдық ансамбльдердің орындаушылық деңгейін арттыру.

 

3.Байқау қатысушылары

3.1.Байқауға жалпы орта , қосымша білім беру ұйымдары оқушылары 6 жастан бастап қатыса алады. Қатысушы өз жұмысын және ұсынымын (1 қосымша) қашықтықтан ұсынғаны жөн.

 

Жұмыстар akmol_cdt@mail.ru  электрондық поштасына 2021 жылдың

15 сәуір-4 мамыр аралығында қабылданады. Жұмыс номері:87165130581

 

Байқау қатысушылары мынандай жас топтарына бөлінеді:

6-9 жас;

10-13 жас;

14-16 жас;

 

4.Байқау номинациялары

  • хормен орындау
  • жеке вокал
  • дуэт, трио, ансамбль

 

5. Жұмыстарға қойылатын талаптар

Байқауға монтажсыз, кадрларды жабыстырусыз, аудиожазбаларды қолданусыз, жанды өнер көрсетудің бейнежазбасы қабылданады. Телефонға түсірілген, қарапайым, сапалы видеожазбалар жарайды.

 

Сапасы төмен (бөтен шуыл, түсініксіз сурет), «+»-пен орындалған видеожазбалар байқауға қатыстырылмайды!!!

 

Жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • сайыс тақырыбын ашу барысындағы түпнұсқалық;
  • орындау сапасы

 

6.Қорытынды

Байқау нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталады. Жеңімпаздар (Гран-при, 1 орын, 2 орын, 3 орын) дипломдармен марапатталады.

 

Байқау қорытындысы 2021 жылдың 11 мамыр күні біздің @tsdt_  Инстаграм парақшамызда жарияланады.

 

Сіздерге жеңіс және шығармашылық табыстар тілейміз!

Құрметпен: «Жас Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

 

1 қосымша

Қатысушының аты-жөні, жасы

Ұйымның атауы

Шығарма атауы

Педагогтің аты-жөні, телефоны

Эл.поштасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст