«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Жас Шабыт» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Центр детско-юношеского творчества «Жас  Шабыт» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бізге 5 жыл

11.01.2021

2016 жылы 5-қаңтарда «Жас-Шабыт» балалар шығармашылығы орталығы оқушыларға өз есігін айқара ашты. Міне, көзді ашып-жұмғанша 5 жыл да зымырап өте шығыпты!

Целиноград ауданын қосымша білім берумен қамтып отырған кішкентай ғана орталықтың 10 ауылда филиалы бар. Атап айтсақ, Ақмол, Нұресіл, Қараөткел, Талапкер, Оразақ, Қоянды, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылжар, Тайтөбе ауылдары.

Аталмыш қосымша білім беру ұйымы  5 бағыт бойынша қызмет атқарады: көркемдік-эстетикалық,сәндік-қолданбалы, техникалық, қоғамдық-гуманитарлық, спорттық. Балаларға 21  үйірме, 7 спорттық секцияға қатысу мүмкіндігі берілген.

Орталық директоры Абилжанова Эльмира Кабдуллаевнаның басшылығымен, аз ғана уақыт ішінде «Жас-Шабыт» тәрбиеленушілері Республикамызда танылып, шетелді де бағындырып үлгерді. «Нәзік» хореографиялық ұжымы (жетекшісі-Арынгазина Гульнара Кабдоллаевна) Ресей Федерациясының Анапа, Қазан, Сочи қалаларында өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды. Еліміздің көптеген аймақтарында жүлдегер атанып, барша жұртты тәнті етті. 2019 жылы қаңтар айында «Нәзік» би тобына «Үлгілі көркемөнер ұжымы» деген атақ берілді.

«Ассоль» би ұжымы (жетекшісі-Шмидт Валентина Васильевна) шетелге шықпаса да, еліміздің көптеген қалаларында байқауларға қатысып, «Жас-Шабыттың» қанжығасын майлап жүр.

«Домисолька» вокал үйірмесінің тәрбиеленушісі ақмолдық Темірбек Жұлдыз «Айгөлек» телевизиялық байқауында 1-орынды иеленіп, әділқазылар мүшесі мен көрермендердің көз қуанышына айналды.

Домбыра арқылы  өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдеп- ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін сүйетін  азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеп жүрген- Қоянды аулындағы «Үкілі домбыра» үйірмесінің жетекшісі Сіләнбек Ләләнің еңбегін атап өтпеске болмайды. Сіләнбек Ләлә 2016-жылдан бері тынбай еңбек етіп келеді. Соның дәлелі, үйірме тәрбиеленушілері көптеген аудандық,  республикалық байқаулардың жеңімпазы болып үлгерді. 2019 жылы 19-наурыз күні Көкшетау қаласында «Қасиетті домбыра» облыстық байқауында, «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша Анарбекұлы Саяхат жеңіске жетіп, мәртебеміз тағы да бір көтеріліп қалған болатын.

Қабанбай батыр аулындағы «Master Club» қолөнер үйірмесінің  (жетекшісі-Штарк Евгения Владимировна) тәрбиеленушілері үшін 2018-жыл жеңіске толы жыл болды. Жамиева Кульшат облыстық «Алтын қазына» байқауында 1-орынды иеленіп, республикалық деңгейге жолдама алды.  Павлодар қаласында өткен республикалық байқауда өзінің  жаңашылдығымен ерекшеленіп, жеңімпаз қатарынан көрінді. Гасанова Нават облыстық «Шеберлер қаласы» байқауында 2-орынды қанжығасына байлады. «Компьютерлік графика» үйірмесінің тәрбиеленушісі Ахмадиев Данииль облыстық «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауында 1-орын алып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Биылғы жаңа оқу жылында «Робототехника» үйірмесінің (жетекшісі-Сагнаев Даурен Жуматаевич) оқушылары Штарк Леонид пен Ахмадиев Данииль «Көкше дарыны» техникалық  шығармашылық және өнертапқыштық бойынша облыстық ашық фестивалінің құрылыс саласындағы жобалар номинациясында 1-орынды жеңіп алып, республикалық байқаудан жүлделі 3-орынмен оралды.

Бұл «Жас-Шабыт» тәрбиеленушілері жетістіктерінің аз ғана көрінісі.

Қанаттарың талмасын, балапандар!!!

Орталығымыз жасай берсін, көркейе берсін, тек қана биіктерден көрінсін! Жаңа жыл игі істер мен жақсылыққа толы болсын!

 

 

 

Просмотров: 175


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст